Қарағандыда халық автобусты өздері итеріп жатыр

Қарағандыда халық автобусты өздері итеріп жатыр

ашық дереккөзі

 width= Қарағандыдағы коллапс. Шахтерлар қаласында таңнан бастап адамдар жұмысқа кешікпес үшін қоғамдық көлікті итеріп, сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр болды. Діттеген жерлеріне жете алмаған жұрт әлеуметтік желіде жергілікті билікті сынауда. Тұрғындардың наз-шағымына не себеп? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жеке көлікте сағаттап қозғала алмағандар жұмыстары мен үйлеріне жаяу да жүріп көрді. Бұл күні қоғамдық көлікке отырғандар да біраз қиналды. Әлеуметтік желіде Майқұдық, Сұрыптау сынды тұрғын алаптары мен Пришахтинск шағын ауданы тұрғындары ашулы. Олар ақ ұлпа түскен сайын осылай қиналатындарын айтады. «Адамдар жұмыстан қалып қойды. Жолға да шыға алмай жатыр. Автобуспен жеттім. Қазір қатынас бар». Қала билігі қаладағы қозғалысты қалыпқа келтіру үшін 210 арнайы техника, 250 жұмысшыны тартқан. Қазіргі сәтте барлық жолдар ашық, дейді.

Ермағанбет БҮЛЕКБАЕВ, қала әкімі Қар әлі түсіп жатыр. 1,5 айлық нормадан көп түсті. Түннен бастап бізде жұмыс жүріп жатыр. 300-ден астам техника жұмыс істеп жатыр. Біздің мақсатымыз  автокөліктер мен автобустардың жүруін қамтамасыз етуіміз керек. Сосын әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды тазартып беруіміз керек».
Соңғы бір тәулікте Қарағандыда 36 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 7 адам түрлі жарақатпен аураханаға жүгінген. Олардың екеуін дәрігерлер әрі қарай емделуге қалдырыпты. Жедел жәрдем қызметі тұрғындарды сақ болуға шақырды. Медициналық көмек мамандары қазір шақыртудың көптігін айтып, кейде кешігіп жатқандарын да жасырмады. https://youtu.be/vUGLZ7RRvFI

Жүктелуде...