Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

4 баланы өрттен құтқарған адам Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды

4 баланы өрттен құтқарған адам Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды

4 баланы өрттен құтқарған адам  Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды
ашық дереккөзі
 width= Алты адамды, оның ішінде төрт баланы өрттен құтқарған Қазақстанның ауыр атлетикадан чемпионы Дәурен Рымқұлов Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жеңімпаздардың ерлігі баршаға үлгі екенін айтты.
«Adam Bol Awards сыйлығының иегерлерінің әрқайсысы құрметке лайық. Олар халыққа жанқиярлықпен қызмет етті»,  – деді Бақытжан Сағынтаев.
Жеңімпаздың бірі – хайуанаттар құқын қорғаушы Сергей Снегирев. Ол отқа оранған аймақтан 22 итті алып шыққан. Adam Bol Awards сыйлығы – бейбіт күннің батырларына арналған сыйлық. Жобаның құрылтайшысы – «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының негізін қалаған Әлия Назарбаева. Ол – Қазақстан Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы, «Ұлттық балалар әндерінің «Бала дауысы» жобасының авторы.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату