ДДҰ маңызды мәлімдеме жасады
ДДҰ маңызды мәлімдеме жасады

"Алғаш рет жеті аптада коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін байқап отырмыз. Алты өңірдің төртеуінде науқастар саны көбейді", - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.Ұйым басшысы жұқтырғандар саны өсуі "таңғаларлық емес" екенін және елдерді коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетпеуге шақырды. Оның айтуынша, вакцинацияға сеніп, шектеулерді алып тастау дұрыс емес.
"Егер елдер тек вакцинацияға сүйенсе, олар қателеседі. Қоғамдық денсаулық сақтауға қатысты базалық шаралар ең жауапты шараның бірі болып қала бермек", - деді ұйым басшысы.