Сауд Арабиясы екпе алғандарды ғана қажылыққа қабылдайды
Сауд Арабиясы екпе алғандарды ғана қажылыққа қабылдайды

«Қажылыққа қатысудың басты шарты – жаңа коронавирусқа қарсы вакцина салдыру», – делінген елдің денсаулық сақтау министрі Тауфик ар-Рабианың мәлімдемесінде.Биыл үлкен қажылық шілденің екінші жартысына дөп келіп отыр. Былтыр пандемияға байланысты қажылық тек 10 мың адамның қатысуымен өтті, оның 30% – сауд арабиялықтар, 70% елде тұратын шетелдіктер. Шетелден келген қажылар қажылыққа жіберілмеді. Арнайы рұқсаттарды беру кезінде басымдық 20-дан 50 жасқа дейінгі созылмалы аурулары жоқ, жаңа коронавирусты жұқтырмаған, бұрын қажылық өтемеген және карантин кезеңіне төтеп беруге дайын адамдарға берілді. Олардың арасында коронавируспен ауырып шыққан дәрігерлер де болды.