weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сауд Арабиясы екпе алғандарды ғана қажылыққа қабылдайды

Сауд Арабиясы екпе алғандарды ғана қажылыққа қабылдайды

Сауд Арабиясы екпе алғандарды ғана қажылыққа қабылдайды
ашық дереккөзі
 width= Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі қабылдады.
«Қажылыққа қатысудың басты шарты – жаңа коронавирусқа қарсы вакцина салдыру», – делінген елдің денсаулық сақтау министрі Тауфик ар-Рабианың мәлімдемесінде.
Биыл үлкен қажылық шілденің екінші жартысына дөп келіп отыр. Былтыр пандемияға байланысты қажылық тек 10 мың адамның қатысуымен өтті, оның 30% – сауд арабиялықтар, 70% елде тұратын шетелдіктер. Шетелден келген қажылар қажылыққа жіберілмеді. Арнайы рұқсаттарды беру кезінде басымдық 20-дан 50 жасқа дейінгі созылмалы аурулары жоқ, жаңа коронавирусты жұқтырмаған, бұрын қажылық өтемеген және карантин кезеңіне төтеп беруге дайын адамдарға берілді. Олардың арасында коронавируспен ауырып шыққан дәрігерлер де болды.