Қазақтың тұңғыш балеринасы кім еді?
Қазақтың тұңғыш балеринасы кім еді?


1975 ж дейін сахнадан түспеген Н.Тапалова «Киноконцерт», «Белая роза», «Жамбыл» және т.б. 20 шақты киноға түседі.
Бишінің жары – Шоқыр Бөлтекұлы. Ол – тұңғыш кәсіби боксшы, бапкер. Кезінде Бауыржан Момышұлы: «Екі-ақ нағыз қазақ бар, бірі – мен, бірі – Шоқыр», – деген екен. Боксшы фамилиясын қазақша жаздырғаны үшін де айтса керек. Нұрсұлу мен Шоқырдың екі қызы бар: Айсұлу мен Тоты. Нұрсұлу асқан сұлулық иесі болған. Тоты есімді қызы былай дейді: «Небір мықты қылқалам шеберлері қазақтың сұлу қыздарын саларда менің анамның сымбатты мүсінімен салыстыра қарап алып барып кірісетін еді». Шоқыр зайыбына «Лучше всех» деп ат қойған. Өкініштісі сол, өмірінің соңғы жылдарында биші қызды ешкім елемеген. Күйеуі, екі қызы – төртеуі «Әртістер үйінің» бір бөлмесінде тұрған. Балеринаның жаназасына Шоқыр Бөлтекұлының шәкірттерінен басқа тірі жан келіп көңіл айтпаған.Дереккөз: http://oiyl.kz/archives/445
Білімді ел – Образованная страна. №16 (29)