Қазақтың тұңғыш балеринасы кім еді?

Қазақтың тұңғыш балеринасы кім еді?

ашық дереккөзі

 width= Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова 1923 ж Ақтөбе облысында өмiрге келген. Жас қыздың тума талантын академик Ахмет Жұбанов байқап, Алматыға шақырады. 13 жасында Абай атындағы опера және балет театры жанындағы би мектебіне түседі. 1936-1938 жылдары театрда кордебалет әртісі, кейін жеке балет бишісі болып сахнада өнер көрсетеді. «Қыз-Жібек», «Қалқаман-Мамыр» қойылымдарында Н.Тапалова Шара Жиенқұлованы ауыстырады. 1941-1953 жылдары опера және балет театрында прима-балерина болып жұмыс істейді. Ұлттық операларда жеке билер шығарады. 1947 ж 24 жасында «Қазақ КСР Еңбек сіңірген артісі» атағы берілді. 1947-1949 жылдары Алматы қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.  width= Нұрсұлу Елубайқызының бақталастары көп болғанға ұқсайды. Тасадан тас атқан театр интригасы балеринаны биігінен құлатқысы келді… Ақыры отызға жасында Нұрсұлу театрдан кетіп, Жамбыл атындағы филормонияға қызметке орналасады. 1958 ж Нұрсұлу Тапалова Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.

1975 ж дейін сахнадан түспеген Н.Тапалова «Киноконцерт», «Белая роза», «Жамбыл» және т.б. 20 шақты киноға түседі.

Бишінің жары – Шоқыр Бөлтекұлы. Ол – тұңғыш кәсіби боксшы, бапкер. Кезінде Бауыржан Момышұлы: «Екі-ақ нағыз қазақ бар, бірі – мен, бірі – Шоқыр», – деген екен. Боксшы фамилиясын қазақша жаздырғаны үшін де айтса керек. Нұрсұлу мен Шоқырдың екі қызы бар: Айсұлу мен Тоты. Нұрсұлу асқан сұлулық иесі болған. Тоты есімді қызы былай дейді: «Небір мықты қылқалам шеберлері қазақтың сұлу қыздарын саларда менің анамның сымбатты мүсінімен салыстыра қарап алып барып кірісетін еді». Шоқыр зайыбына «Лучше всех» деп ат қойған. Өкініштісі сол, өмірінің соңғы жылдарында биші қызды ешкім елемеген. Күйеуі, екі қызы – төртеуі «Әртістер үйінің» бір бөлмесінде тұрған. Балеринаның жаназасына Шоқыр Бөлтекұлының шәкірттерінен басқа тірі жан келіп көңіл айтпаған.

Дереккөз: http://oiyl.kz/archives/445

Білімді ел – Образованная страна. №16 (29)

Жүктелуде...