Анасы ұрып-соққан 3 жасар қыз көз жұмды

Анасы ұрып-соққан 3 жасар қыз көз жұмды

ашық дереккөзі

 width= Петропавлда үш жасар қыз қайтыс болды, оны анасы ұрып-соққан. Бала көп ұзамай ауруханада көз жұмды.  17 қаңтарда үш жасар қыз дене жарақаттарымен ес-түссіз ауруханаға жеткізілді. Бала ұзақ уақыт комада болған. 27 ақпанда сәби есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Петропавлда 22 жастағы әйел үш жасар қызын ұрып-соққан деген күдікке ілініп, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігімен «Кәмелетке толмаған жасөспірімге қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Жүктелуде...