Түркістанда кәмілетке толмаған төрт бала, барлығы бес адам өлі табылды

Түркістанда кәмілетке толмаған төрт бала, барлығы бес адам өлі табылды

ашық дереккөзі

 width= Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. "2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің "103" пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған", - делінген хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), "ҚазТрансГаз" АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Жүктелуде...