Жаңалықтар

Бір әнмен танымал болған жұлдыздар

Бір әнмен танымал болған жұлдыздар

 width= Әнші танымалдыққа ие болу үшін, талай жыл тер төгіп еңбек етуі керек. Ол үшін репертуарын түрлі әндермен толтырып, он шақты жылды артқа тастап қана танылады деп ойлайтынымыз анық. Алайда бір түйір әнімен халықты баурап, әндері "хит" болған әншілер жетерлік. Бүгін әншінің бағын ашатын ән дегенді дәлелдеген әншілердің тізімін жариялаймыз. 1.Заттыбек Көпбосынұлының "Ақмаржаны" Зәкең Ақмаржан деп жырламаса, көршілес өзбек әндеріне әлі күнге дейін "даврага түшіп" жүре берер ме едік? Қазақтың Джиммиі деген атқа ие болған Заттыбек ағамыздың эстрадаға қосқан үлесі көп. "Шаншар" театрында алғаш ән айтқан әнші тыңдармандарының сүйіктісіне айналды. Оның әндерін тыңдаған жұрт билемей, бір орында отыра алмасы анық. 2.Асхат Тарғынның "Чип-чипі" Чипілдетіп шыққан Асхат Тарғынды көпшілік кейіннен білді. Кейбір әншілер алдымен түрін көрсетіп, кейінірек әнімен танылса, Асхат әніне бейнеклип түсіріп, өзін танытқан әнші. Бір ән өмірлік атақ әкелді. Ақтөбенің тумасы әншілікке келгенге дейін домбырамен асабалық етіп, келіннің бетін ашып жүрген екен. 3.Абай Бегей "Аспанға қараймын" 2013 жылы Абай Бегейдің "аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" деп жырлаған әні танымалдыққа ие болды. Бұл әншіні де көпшілік осы әнінен кейін тани бастады. Өзінің айтуы бойынша, ол түрлі байқауларға қатысып, көп әндер жазған. Тек бір әні тойлардың хитіне айналып, ол әнсіз қазақтың думаны өтпейтін болды. 4.Ахан Отыншиев "Шудың бойында" Біраз сынға ұшыраған орындаушысы мен сөздік құрылымына талай сын айтылған ән, көрермендердің сүйікті әндерінің біріне айналды. Шу өңірінен шыққан Ахан бір сәтте танымал әнші болып шыға келді. Бұл ән талай концерттер мен қазақтың тойларында шырқалды. 5.Серікбол Сайлаубек "Ой, жеңге!" Серікбол Сайлаубекті әнші еткен осы әні. Жеңгелердің мерейін арттыратын әнге, клип те түсіріп үлгерген. Кейінірек "Шынар-ау", "Достарым" әндерін жарыққа шығарып үлгерген болатын. Әйтсе де, атын шығарған алғашқы әні әншінің бағын ашқаны рас.