98 жастағы қария ұзақ жылдар бойы Ясауи шежіресі мен мөрін сақтап келген
NewsRoom
98 жастағы қария ұзақ жылдар бойы Ясауи шежіресі мен мөрін сақтап келген
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Түркі әлемінде ислам дінінің кең таралуына ерекше леп беріп, сопылық негіздерінің дәнін еккен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір нұсқасы мен ислам әлеміне әйгілі он бір шайықтың есімі жазылған мөр табылды. Ахмет Ясауидің өміріне қатысты құнды мұралар тұратын Ясауидің ұрпағы, ғұлама ғалым Шарифхужаев Ибрахимжан қажының қолында сақталған. 98 жастағы Ибрахимжан ақсақал Түркістан қаласының тумасы. Ахмет Ясауи кесенесінің жанында өмір сүріпті. Діни сенімдерге қарсы атеистік көзқарас дендеген кезеңде Түркістан қаласынан да көптеген тақуа жан қудалауға түсіп, кітаптары өртеліп, қиын кезеңдерді бастан өткереді.
"Бұл зобалаң Ахмет Ясауи ұрпақтарына қатты соққы болған. Сол себепті әкесінен ерте айрылған Икрамжан қария 10 жасында анасы екеуі бас сауғалап Наманганға тығылыпты. Ата-балаларынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Насабнама мен мөрді сақтап қалу үшін Наманган жерінде де көп қиындықтар көрдік", - деп еске алды қария.
Икрамжан қажы өз үйінің бір бөлмесінен Қожа Ахмет Ясауи мен Түркістанға арнап шағын мұражай ашыпты. Мұражайға Ясауидің шежіресіне қатысты Насабнаманың көшірмесі мен мөрін және Түркістанға қатысты суреттер мен кітаптар қойған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру", "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалалары аясында Қожа Ахмет Ясауиге қатысты деректер мен мұраларды жан-жақты зерттеу, іздеу, ұрпаққа аманаттау мақсатында қолға алынған "Ясауи ізімен" ғылыми-экспедициялық жобасы Ташкент қаласында жалғасады.