Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады?

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады?

ашық дереккөзі

 width= "ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң "Ашық НҚА" порталында талқылауға шығарылды".

"Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты қылмыстық саясатты ізгілендіруде, жазадан толығымен немесе жартылай босату, анықталмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн қысқарту, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын тұлғалардың немесе пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың санының азаюы", - делінген құжатта.
Жоба мемлекетке қауіпті емес қылмыс жасаған сотталғандарды, соның ішінде әлеуметтік қауқарсыз тобындағы адамдарды босатуға бағытталған.
Енді, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 4 мыңға жуық адам бостандыққа шығуы мүмкін. Заң 5 наурызға дейін талқылау алаңында болады.

Жүктелуде...