Нұр-Сұлтан қаласында Х «Астана самалы» Халықаралық үрлемелі оркестрлер фестивалі өтеді

04 Шілде, 2019 720 0

NewsROOM+. 2019  жылдың  4-6  шілде аралығында, Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елораданың туған күні қарсаңында  Х «Астана самалы» Халықаралық үрлемелі оркестрлерінің  фестивалі өтеді. Фестивальге шетелдік және қазақстандық танымал ұжымдар қатысады.

Х «Астана самалы» Халықаралық үрлемелі оркестрлерінің  фестивалі  халықтың мәдени мұрасы мен өнер құндылықтарын насихаттау және дамыту, шығармашылық ұжымдардың өзара тәжірибе алмасып, танысу мақсатында өтеді. 

Фестивальдің жоба авторы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Бас директоры және көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдірахманов Сәкен Сейтқалиұлы. Жыл сайын дәсүрлі түрде өтіп келе жатқан аталмыш іс-шараның маңызы өте зор. Бұл іс-шара барысында түрлі ұлттың әуендері Елорда төрінде шырқалмақ. Фестивальде жадымызды жаңғыртып, санамызды жаңартатын туындылар да тарту етілмек.       

Биылғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармониясының үрлемелі оркестрі, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола обылыстық филармониясының эстрадалық үрлемелі оркестрі, Қарағанды қаласының «Орталық» өңірлік қолбасшылық әскери оркестрі, ҚР Ұлттық гвардиясының үрлемелі оркестрі, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік үрлемелі оркестрі қатысады.  

 

ҚОСЫМША;
         
«Астана самалы» Х Халықаралық үрлемелі оркестрлер фестивалінің өту кестесі

                                                    

Өтетін күні

уақыты

Іс-шара

Өтетін орны

1.     

04.07.2019

19.00

Фестивальдің ашылуы

«Астаналық» саябақ

2.     

05.07.2019

 17:00

Концерт

 «Жетісу» саябағы

3.     


06.07.2019

11.00 

Оркестрлер шеруі


Республика даңғылы

4.     

06.07.2019

16:00

ПЛАЦ - КОНЦЕРТ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алаңы

Тегтер: «Астанасамалы», фестиваль, Нұр-Сұлтан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.