
Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, белгіленген жұмыс ережелерін бұзғаны үшін өлім жазасына қатысты ақпараттың негізі жоқ. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев ең жоғары жаза шарасы – өлім жазасын алып тастайтын заңға қол қойды. Қазақстан азаматтарынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын күмәнді ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз, – деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сонымен қатар, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.