
"Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артур Станиславович қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында.Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.