Президент баспананы арзандатудың жолын ұсынды

Президент баспананы арзандатудың жолын ұсынды

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті: Сол себепті қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алынады. Мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталды. Енді мұны бүкіл ел бойынша жүзеге асырған жөн. Бұл қадам аз уақыттың ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді».Жаңа бағдарламаға сай ауылдық жерлерден кәсіпкер өз жұмысшыларына деп үй салса, құрылысқа жұмсаған шығынның жартысын мемлекет субсидиялайтын болды. Бұл "Дипломмен ауылға!" бағдарламасына серпін беріп, осындай елді мекендерде мұғалім мен дәрігер тапшылығын шешуге де жағдай жасайды. Дәрігер демекші, алдағы жылы медицина институттарында оқитын студенттердің шәкіртақысы көбейеді. Тоқаев , білім беру саласында цифрлық технологияларды одан әрі жетілдіу керек деді. Балалардың қашанға дейін қашықтан оқитыны әлі белгісіз. Сондай-ақ, мүгедек жандардың да жағдайы жасалмақ. Енді олар жыл сайын өздерінің аяғы не қолы әлі жоқ екендігін комиссия алдында дәлелдемейді.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті: "Келесі маңызды мәселе мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды".Президент мүгедектерге лайықтап сұранысқа ие нысандардың тізімін жасау керектігін ескертті. Оған халыққа қызмет көрсету орталықтары, білім беру, медицина және басқа ғимараттар кірмек. Олардың бәрі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қайта жарақталатын болады. Сондай-ақ, Қасым Жомарт Тоқаев азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы керек-, деді. Ол үшін Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ақпараттық жүйесі біріктіріліп, бірыңғай ортақ база құрылмақ. Бұл ведомствоаралық үйлестіруді жеңілдететін болады. Президент бұл жобаны 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырды".