Қырғызстан президентінің егізі сияқты: қазақстандық дәрігерді Садыр Жапаровқа ұқсатуда
Қырғызстан президентінің егізі сияқты: қазақстандық дәрігерді Садыр Жапаровқа ұқсатуда

«Таныстарым менің Садыр Жапаровқа ұқсайтынымды айта бастады. Мұны негізінен егде жастағы адамдар, Қырғызстанның саясатын түсінетін зейнеткерлер айтты. Бірақ мен мән бермедім. Жапаров президент болды, теледидарда көп шыға бастады. Мені көргендердің барлығы дерлік біздің ұқсастығымыз туралы айтады. Бұл мені де қызықтырды. Мен бұл адам туралы мәліметтер іздедім, өмірбаянын оқыдым. Шынымен де, біздің түріміз қатты ұқсайды», – деді дәрігер.
