Франция мен Нидерланд ғалымдары Қазақстанның болашағына қатысты болжам жасады

Франция мен Нидерланд ғалымдары Қазақстанның болашағына қатысты болжам жасады

Гийом Дюпон-Ниве, геология профессоры Ылғалдың азаюынан жануарлар мен өсімдіктер құрып кетті. Қазір де ауа райы өзгеріп келеді. Яғни жылып жатыр. Бұл да ылғалға әсер етеді. Мұздықтар еріп, жауын-шашын азаяды.15 миллион жыл өткеннен кейін, жансыз жер тіріле бастады. Ғалымдар бұл құбылыс қайталануы мүмкін дейді. Бірақ қазір адамзаттың әрекетіне байланысты ауа райының өзгеруі үдей түседі.
Гийом Дюпон-Ниве, геология профессоры Экологиялық жүйеміздің жағдайы ауыр. Өткізіп жатқан зерттеуім ауадағы көмір қышқыл газының үлесі қазіргідей арта берсе жүз-екі жүз жылдан кейін не болатынын көрсеттеді. Орталық Азия мен Қытайда толығымен шөлге айналған жерлер бар. Су қоры да азайып барады. Табиғатты ұмытпауымыз керек, өйткені бұл өңірге шөлге айналу қауіпі төніп тұр.Қазақстан аумағының басым бөлігі әлемдегі ең ыстық әрі шөлді аймақтың біріне айналуы мүмкін. Бұл үрдісті тежеу үшін экономика мен жерді көгалдандыру қажет.