Әміржан Қосанов келесі президент сайлауына түсе ме?
NewsRoom
Әміржан Қосанов келесі президент сайлауына түсе ме?
Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов келесі Президент сайлауына түсе ме? Бұл сұраққа "Рейтинг" газетінде жауап берген қоғам қайраткері «Құдайды күлдіргің келсе, оған ертеңгі жоспарыңды айт!» деген әзіл-шыны аралас бір нақыл сөз бар. Мен де Құдекеңді күлдірмей-ақ қояйын. Осыдан 23 жыл бұрын және өткен президент сайлауы алдында айтқан бір сөзімді қайталайын: «Кезекті президент сайлауы боп жатса, өзін ағымдағы билікке қарсы деп санайтын барша ұйымдар мен тұлғалар жиналып, өз арасынан бір кандидат ұсынуы шарт! Әйтпесе, «бас-басына би болып», билік кандидатына қарсы лайықты тойтарыс бере алмайды! Осы ұстанымнан әлі де айныған жоқпын! - дейді Әміржан Қосанов.