Жаңалықтар

Жаңатастағы қайғылы оқиға. 5 қыздың анасы қазақстандықтарға өтініш айтты

 width= Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қайтыс болған 5 туыстары қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. Бұл туралы "Хабар"агенттігі хабарлады.

- Кейбір адамдар пәтерде жылу болмаған, жылытқыштар қолданылған деп жазып жатыр. Мұның бәрі өтірік! Мұндай болған жоқ, болуы мүмкін емес еді, - деді 5 қыздың туысы Саидмұхаммед Әбдімәліков. С. Әбдімәліков оқиғаның қалай болғанын түсіндірді. - Келін үйде балалармен отырған, ол дүкенге шығып кетті. Балалар сол кезде сіріңкемен ойнап, ойыншықтар жанған, - деп айтты ол. Еске сала кетейік,  Жамбыл облысы Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 5 бала қалған. Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болғаны, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.