Отбасы банкі елорда жастарын жақсы жаңалықпен қуантпақ
Отбасы банкі елорда жастарын жақсы жаңалықпен қуантпақ

"Құрметті елорданың жас мамандары. Сіздер үшін жақсы жаңалық. "Отбасы Банкі" АҚ мен "Нұр-Сұлтан" әкімдігі арасында "Елорда жастары" жаңа бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру туралы келісім жасау жоспарлануда. Қазірдің өзінде депозиттер ашып, армандаған пәтеріңізге ақша жинай бастаңыз деп кеңес береміз", - деп жазды "Отбасы банкі".Банктің ресми парақшасында "Елорда жастары" бағдарламасының алғышарттары да жарияланды: Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% Алғашқы төлем 10% -дан Несиенің максималды мерзімі - 25 жылға дейін Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі. Бағдарламаның басталуы туралы ақпаратты банктің Instagram парақшасынан білуге болатынын алға тартқан "Отбасы банкі" жастарға қатысты жобаның бүгінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді.