"Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы": Шейхты "лақтырып" кеткен әйел туралы қызықты деректер

03 Шілде, 2019 765 0

NewsROOM+Бүтін елді басқарып отырған шейхты "лақтырып" кеткен әйел туралы қызықты деректерді Qamshy.kz оқырман назарына ұсынады. 

Иордания принцесса

Хайя бинт аль-Хусейн 1974 жылы 3 мамырда Иорданияда дүниеге келген. Ол Иорданияның бұрынғы каролі Хусейн ибн Талаланың 11 баласының бірі, қазіргі каролдің туған әпкесі. Сондай-ақ Хайя бинт әл-Хусейн Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы екен. 

Ол 2 жаста болған кезде оның анасы, Иорданияның патшайымы Алия жол апатынан қайтыс болды. Сөйтіп кішкентай ханшайым әкесінің тәрбиесін көреді. Кароль үнемі өзінің 5 қызына көп көңіл бөледі. Кароль Хусейн емалыс күндерінде күні бойы қыздарының қасынан табылады. 

Хайя бинт әл-Хуссейн

Иорданияның ханшайымы 2004 жылы 10 сәуірде  Мұхаммеда ибн Рашид Аль Мактумға тұрмысқа шығады. Алтыншы әйелі болған ханшайым 2007 жылы қызды болады. Оның туған күні БАӘ-нің тәуелсіздік күнімен сәйкес келген.  

Иорданиялық ханшайым өзінің білімділігімен, спортқа құмарлығы және сұлулығымен батыс пен шығыс халқын тәнті еткен. Ол шығыс елдеріндегі ең ықпалды әйелдердің бірі. Оған "аштықпен күрескен қаһарман" деген атақ берген. 

Хайя бинт әл-Хуссейн

Ханшайым Хайя Иорданиядағы бастауыш білімін және Англиядағы орта және жоғары білімін алды, ол қыздарға арналған Badminton (Badminton School) интернатында оқыды. Ханшайым француз, орыс, ағылшыннан басқа 3 тілді біледі.

Тұрмыс құрған соң да ханшайым қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып жүретін. Ол Иорданияда аштыққа қарсы күреске бағытталған "Tikyet Um Ali" атты алғашқы араб бейресми  ұйымын (Өмір сүру үшін тамақ ішу — Ред.) құрды. Қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі төтенше жағдайлардың алдын алу орталығы болып табылатын Дубай халықаралық гуманитарлық қалашығының (International Humanitarian City) төрағасы. 

Хайя бинт әл-Хуссей

Шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, қазір Иорданияның ханшайымы Германиядан пана сұрап жүр. Сондай-ақ шейхпен ажырасуға құжаттарын дайындап жатқан көрінеді. Ханшайымның қашып кетіп, Германиядан паналауы БАӘ мен Германияның дипломатиялық дағдарыстың орнауына әкеліп соқты. БАӘ-нің шейхы әйелін елге қайтаруын Германиядан талап еткен. Алайда Германия билігі бұдан бас тартты.

Тегтер: Хайябинталь-Хусейн, Иорданя, өмірбаян, қызықтыдеректер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.