Қайрат Нұртастың әйелі енді "модель" болып жүр

25 Маусым, 2018 1291 0

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова жұртшылықты енді өзінің «модельдік» қырымен танымал бола бастапты.  «Арман» фильміне түскеннен бері көрермен назарында болды, онда ол басты рөлді ойнады. Жұлдыздың ең жарқын образдарын http://comode.kz сайты тізіп берді, - деп хабарлайды «NewsRoom+» АА.

Ол инстаграмға тіркелегеннен кейін өзінің парақшасына фотосессиялармен тәжірибе жұмыстарын жиі салатын болған. Танымал бренд Isabel Garcia үшін әншінің әйелі baby doll стиліндегі көйлекте жарқ етіп шықты. Бұл образдағы ерекше түйілген шаш үлгісі оны актриса ретінде басқа қырынан одан әрі аша түскендей.

Бұдан бөлек, Қайрат пен Жұлдыздың төрт баласы Junior Fashion Week жобасына қатысатын болады және олар Қазақстандық балалар арасындағы Сән апталығына үлкен дайындық үстінде екенін де жасырмады.

 Дегенмен де Жұлдыз өзін ең алдымен әйел, сүйікті жар және балаларының анасы екенін, ол үшін отбасынан маңызды еш нәрсе жоқ екенін жиі айтып келеді. Ал фильмнің басты рөлін сомдау шешімі – Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекованың идеясы екен. Және Жұлдыздың бұл рөлі жұртшылықты таң қалдырған, сондықтан, халық оның жаңа фильмдерге түсуін күтеді.


Толығырақ мына дереккөзден оқи аласыздар: http://comode.kz/post/zvezdnyj-stil/10-jarkih-obrazov-zhuldyz-abdukarimovoj/



Тегтер: Қайрат, Нұртас, Жұлдыз, Абдукаримова, шоубизнес, инстаграм, өсек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.