Ресейде халық саны азайып барады

03 Шілде, 2019 324 0

NewsROOM+. Ресейде 2019 жылдың төрт айында табиғи адам санының кемуі 149 мың адамды құраған. Бұл туралы сейсенбі күні РФ вице-премьері Татьяна Голикова "Западный" Солтүстік-Батыс федеральдық округі ғылыми-білім беру медициналық кластері мүшелерінің жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС

«Біз еліміздегі халық санынан айтарлықтай айырылып жатырмыз. Төрт айда халық санының табиғи кемуі 149 мың адамды құрап отыр. Бұл бізде туу көрсеткіші төмендегенін және адам өлімінің біз қалағандай қарқынмен азайып жатпағанын білдіреді», - деді ол. 

Вице-премьер Ресейдің көптеген өңірлерінің онкологиялық және жүрек-қан тамыр аурулары, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан болған өлім-жітімнің сыртқы себептеріне байланысты көрсеткіштерді саналы түрде төмендетіп көрсеткенін айтты. 

«Сапалы көрсеткіштер үшін еліміздің көптеген өңірлері үздік статистика көрсетті», - деп атап өтті Голикова.   Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі мен үкіметтің әлеуметтік блогы адам өліміне байланысты талдау жүргізілген жағдайларды сынға ала бастаған соң көрсеткіштер өсе бастаған. Ол осыған байланысты федералдық медициналық ұйымдардың жағдайды талдауға белсенді қатысулары тиіс екенін атап өтті.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Тегтер: Ресей, халықсаны, кему, 2019, статистика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.