Әлеуметтік желіде мектеп түлектері шет тілінен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырмайтыны туралы ақпарат тарауда. ҰБТ-ның Instagram-дағы ресми парақшасы аталған қауесетке жауап берді.
"Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде ҰБТ-дан шет тілінің алынып тасталғаны туралы жалған ақпарат тарап жүр. Шет тілін ешкім алып тастаған жоқ. Ол бейінді пәндер тізімінде қалды" делінген хабарламада.