Қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Б.Байтасов 100 жаста
NewsRoom
Қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Б.Байтасов 100 жаста
100 жыл бұрын (1921-1995) әскери қайраткер, кеңестік кезеңде қазақтан шыққан генералдардың бірі және генерал-майор Баһадүрбек Байтасов дүниеге келді. Қазіргі Түркістан облысы, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Ленинград әскери-шекара училищесін, КСРО ІІМ Әскери институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1946-1950 жылдары - Тәжік шекара округі Термез шекара отрядының кіші офицері.
1954-1960 жылдары - Қырғызстандағы шекара отрядының аға офицері, штаб бастығының орынбасары.
1960-1962 жылдары - Семей облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы.
1962-1968 жылдары - Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара отрядының бастығы.
1968-1971 жылдары - Шығыс шекара округі штабы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
1971-1987 жылдары - Республикалық ДОСААФ Орталық комитетінің төрағасы болды.
Ол халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.