Оң жақта отырып қалмау үшін бойжеткендерге кеңес
Оң жақта отырып қалмау үшін бойжеткендерге кеңес
"Отырған қыз орнын табады" деген қазақта жақсы сөз бар. Әрине оған сенген дұрыс. Алайда статистика бойынша оң жақта отырып қалу қаупі басымырақ, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
Деректерге сенсек, дүниежүзі бойынша адамдардың 33% пайызы жұпсыз өмірден өтуі мүмкін екен. Жігіттерге қарағанда отау құрмаған арулардың саны екі есеге көп екен. Бүгін біз көпшілік бойжеткендердің оң жақта отырып, "кәрі қыз" атанбау үшін кеңестерді жарияламақпыз.
Қазіргі қоғамда белең алған мәселенің бірі арулардың тұрмыс құрмауы немесе екінші жартысын кезіктіре алмауы. Оған түрлі себептер бар. Ұядағы тәрбие, туа біткен мінез, материалдық жағдай, тағысын тағылар кете береді. "Қызға қырық үйден тыю" дегенді ұстанатын халық болғандықтан, ұяңдық болмысымызға сіңіп кеткені рас. Оның үстіне қыз баласы ешқашан өзі сезімін білдіре алмайтыны тағы бар. Ендеше қалай өмір сүру керек? Қалай өзгеру керек? Неден қателік жібермеу сияқты сауалдарға тоқталамыз.
1.Жалпы қыз баласы жақсы мінезбен, әдемі киіммен, көтеріңкі көңілмен көзге түсетіні анық. Ашық түсті киімдер киіп, айналадағыларға қуана қарай білсеңіз, бәрі ойдағыдай болары анық. Егер сіз өзіңізді жұрттан кем санап, сырт-келбетіңізге көңіліңіз толмай, қара түсті киімдер киіп, көңілсіз жүрсеңіз, өміріңіз де сондай болмақ. Адамның өзгені баурап алуы, тұла бойындағы өзіне тән көркем мінезі екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Сонымен қатар "адам көркі шүберек" екенін есте сақтау керек. Әдемі киініп, күлемсіреп жүрген дұрыс.
2. Жолы болмаған құрбыларыңыздың сөзіне сеніп, "барлық еркек оңбаған" деген сөзге сенбеңіз. Біреудің махаббатта жолы болмағанына, сіздің өміріңізге еш қатысы жоқ. Айналаңызға жақсы көзқараспен қараңыз. Жігіттерге өшпенділікке қарап, "алданып қалудан" қорықпаңыз. Сізді сыртыңыздан ұнатып жүрген қамқор жігіт жүрген шығар, бәлкім?!
3. Үнемі біреуді күтумен уақыт өткізбеңіз. Құрбыларыңызбен, достарыңызбен кішігірім отырыстардан бас тартпаңыз. Жұптарымен келетін жолдастарыңыздан қысылмаңыз. Бір күні сіз де, өз жұбыңызды табатыныңыз анық. Сол үшін әр сағат, әр минуттан ләззат алып, шаттанып жүріңіз. Мүмкін сіз "мәні жоқ кездесу" деп ойлаған отырыста, өмірлік серігіңізді жолықтырып қаларсыз?!
4.Жас ұлғайған сайын талапты күшейте бермеңіз. Өмір көгілдір экрандағыдай емес. Түрі келіскен, көлігі бар, бай да сымбатта жігіт ол тек кинода! Сіз жігіттен көп нәрсені талап еткен сайын, жолықтыру мүмкіндігі азая түседі. Өмірде барлық адам идеал емес. Жігіттің бойындағы бар қасиетті көруге талпыныңыз. Ең бастысы сізге деген көздерінде мейірімі болса жеткілікті.
5. Жігітке тек күйеуге шығу мақсатында қараған дұрыс емес. Алдымен жай таныс, дос, араласатын адам ретінде қараған жөн. Егер өзіңізге тек жар іздеу үшін таныссаңыз, сіз немесе ол көңіліңізден шықпай, немесе мінездеріңіз сай емес екенін білгенде құлазып, көңіліңіз түсуі мүмкін. "Бәрібір таныстықтардан ештеңе шықпайды" деп, танысулардан бас тартпағаныңыз жөн.
6.Егер маңдайыңызға біреу жазылса, оны қоқыс шелегімен шығып бара жатып-ақ кездестіруіңіз мүмкін. Қыз баласының жаны әдемілікке құмар. Ол үшін ең алдымен ойыңызды түзеңіз. Кім үшін сәнденемін? Маған кім қарайды? Осындай сұрақтармен жүрсеңіз дәл сондай боларын анық. Өзіңізді сыйлаңыз! Өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда ғана айналаға махаббатпен қарай білесіз. Өзгеден күткенше, алдымен өзіңізден бастаңыз!
Өзіңізді жақсы көрсеңіз, сыйлай білесіз! Ал сыйластық махаббаттың негізі.