Жаңалықтар

Петропавлда газ жарылып, 2 адам қайтыс болды

Петропавлда газ жарылып, 2 адам қайтыс болды

 width= Петропавлдың орталығында бесқабатты жатақханада газ жарылып, екі адам қайтыс болды. Он үш адам зардап шекті, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 13 адам зардап шеккен, 2 кісі қайтыс болды. Бір әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр, аумақ қоршауға алынды.
Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс жатақханаға қосылған орынжайдағы дәмханада болған.