Жаңалықтар

Шымкенттегі екі адам коронавирустан жазылды

Шымкенттегі екі адам коронавирустан жазылды

Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 33 науқас дертінен айығып шықты.