“Қайғылы оқиға”. Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтты
“Қайғылы оқиға”. Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтты
Жамбыл облысынң әкімі Бердібек Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтып, қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. - Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты.
⠀
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды, - деді ол.
⠀
Облыс басшысы қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетіліп, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын атап өтті.