Fly Arystan компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Fly Arystan компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды

"19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ. Алайда жолаушылардың сөзінше, ұшақ үшінші реттен ғана Алматыға қонған.