Жігіт 47 жастағы нағашысын пышақтап өлтірген
Жігіт 47 жастағы нағашысын пышақтап өлтірген

"Сараптама бойынша ол кісіде 12 жарақат болған, пышақпен жасалынған. Артына екі рет пышақ сұққан және алдына, 10 рет. Жүрек тұсына, кеуде тұсына пышақ сұққан. Мұрны сынған, қолында жарақат бар деді", - дейді марқұмның келіні Назгүл Аяпова.Көп ұзамай 28 жастағы жігіт кінәсін мойындап полицияға өз аяғымен барыпты. Қуаныш есімді аттасы марқұмның туған жиені екен. Жігіттің мұндай қастандық жасауына "бұрынғы кек себеп" деп санайды қаралы отбасы. Ұзақ жыл араласпай кеткен жиені жеті ай бұрын ойламаған жерден пайда болыпты. Сөйтіп Аяповтардың мазасын ала бастаған көрінеді.
"Жанжал жеті ай бұрын әкеміз қайтыс болғаннан кейін басталды. Осы адамдар біздің отбасымызды мазалайтынды шығарды. Тіпті басқа ағаларымызға қарақшылық шабуыл жасады", - дейді марқұмның қарындасы Мәдина Аяпова.Аяповтар іс жылы жабылып қала ма деп күдіктенеді. Ал полицейлер қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр.
"Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы, бірінші бөлігі бойынша тіркелді. Сол күні полицияға марқұмның туысы болып табылатын Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны кісі өлтіргенін мойындап келді. Бұл істі тергеуге материалдар арнайы прокуратураға жіберілетін болды", - дейді Алматы облыстық ПД сарапшысы Ернар Сайделдин.