Жаңалықтар

Қазақстанның бір облысында тасжол жабылды

 width= Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжол жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ хабарлады.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпаратына сүйенсек, 19 ақпанда сағат 08.20-да ауа райының нашарлауына (жаңбыр жауып, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906-шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арылығы) автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. «Сондай-ақ «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында, «Омбы-Майқапшағай» жолының 587-733 шақырымында (Павлодар облысының аумағы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» автожолының 3-113 шақырымында (Семей қаласы-РФ шекарасының аралығы) көлік қозғалысына шектеу қойылды» делінген хабарламада.