Студенттердің дәстүрлі форматта қашан оқитыны белгілі болды
NewsRoom
Студенттердің дәстүрлі форматта қашан оқитыны белгілі болды
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттер толығымен қашан дәстүрлі форматқа ауысатынын айтты. – Дәстүрлі форматқа көшу туралы денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан тиісті шешімді қабылдайды. Ең бастысы бұл мәселе елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты. Егер де тиісті органнан рұқсат болса қуана ЖОО-ның студенттері мен мұғалімдері дәстүрлі форматқа көшеді, – деп жауап берді комитет төрайымы.