Қызылорданың мисс Аруы Қуат Хамитовтың көзіне түсті
Қызылорданың мисс Аруы Қуат Хамитовтың көзіне түсті
[caption id="attachment_45516" align="alignnone" width="1200"]
фото: Azattyq Ryhy[/caption]
Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың көзі 2017 жылы «Мисс Қызылорда» атанған Гұлнұр Нұртазаға түсті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Ол қазір Алматыдағы кафелердің бірінде ыдысаяқ жуушы болып жұмыс істейді. Қуат Хамитов қызға таңғалып, Инстаграм сторисінде оның суретін мына жазбамен жариялаған:

«Жаңалықтарды оқып, біздің арудың Ресейге барып атақ қумағанын мақтан тұтамын. Гүлнұр сияқты елінің патриот, лайықты қыздары барымен мақтанам. Гүлнұрдан барлығың үлгі алыңдар, жарайсың, - деп жазады Қуат Хамитов.Қыз Хамитовтің қолдау білдіргеніне «Қуат аға рақмет» , деп алғыс айтып, оның сторисін өзінің парақшасына бөліскен. Естеріңізге салсақ, 19 жастағы ару ата-анасы қайтыс болғандықтан өз күнін өзі көріп жүр.