Жаңалықтар

АҚШ-та коронавирустың гибрид штамы табылды

АҚШ-та коронавирустың гибрид штамы табылды

 width= АҚШ-тың Калифорния штатында адам ағзасынан екі штамм бірігуінен пайда болған гибрид коронавирус штамы табылды, - деп хабарлайды Daily Mail. Ғалымдар гибрид екі штамның бірігуі нәтижесінде пайда болды деп болжап отыр. Олар ұлыбританиялық B. 1.1.7 және АҚШ-та пайда болған B.1.429. Әзірге гибрид штамды жұқтырудың бір ғана жағдайы белгілі. Бірақ сарапшылар тексерілмеген науқастарда жұқтыру дерегі болуы мүмкін деп қорқады.
 /> Олар гибрид штамм ұлыбританиялық штамға қарағанда тезірек таралуға мүмкіндік беретін мутацияны алып жүреді деп алаңдайды.

Коронавирус инфекциясының гибрид түрін АҚШ-тың Лос-Аламос ұлттық зертханасы қызметкері, дәрігер Бетт Корбер анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар вирус будандарының пайда болуына қатысты алаңдаған еді. Бірақ сарапшылар гибрид штамның таралуына ерекше жағдайлар қажет екенін айтты. </div> </div> </div> <!--div class=