Жаңалықтар

Алматыда тергеу изоляторында жатқан 34 жастағы күдікті қашып кетті

 width= Алматыда тергеу изоляторында жатқан 34 жастағы тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Алматыдағы тергеу изоляторынан 34 жастағы тұтқын қашып кетті. Күдікті ұрлық және алаяқтық бабы бойынша 6 жылға сотталған болатын. Қазіргі уақытта полиция жаппай іздестіруде. Қылмыскер осыдан екі күн бұрын қорғаушысымен кездесіп, артынан дәретханаға сұраныпты. Сөйтіп мекеменің апат кезінде шығатын есігін бұзып, сыртқа шыққан. Оның қоршаудан секіріп кеткені белгілі болды. - Тергеу изоляторынан қашқан Давотов бұрын бірнеше рет сотталған. Аталған факті бойынша Алматы қаласының Полиция Департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы яғни бас бостандығынан айыру орнынан немесе қамаудан қашу бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Және жедел іздестіру шараларын жүргізуде, - деді қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі Шынар Құсайынов.