Шымкентте үш жігіт темір жинап жүріп, темір-бетон астында қалған
Шымкентте үш жігіт темір жинап жүріп, темір-бетон астында қалған

Орынбасар ТӨРТБАЕВ, ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы "Барғанда біздің жігіттер, бірінші адамды шығарады. Сосын қасындағылар үшеу болған деп айтады. Мен екінші группаны жібердім. Дополнительно".Жәй күнде емін-еркін кіріп шығып жүрген өндіріс аймағына бүгін тілшілерді аттап кіргізбеді. Айналдыра күзетті күшейткен.
Нұрлан НҰРМАҒАНБЕТОВ, күзет агенттігі басшысының орынбасары "Мен рұқсат бере алмаймын ғой ол жерге. Жоқ, ешқандай. Машинаға ешқандай рұқсат бере алмаймын мен".Белгілісі, қапияда көз жұмғандардың бірі 22-де, екішісі 29-да, үлкені 54-те болған екен. Еңбекші ауданына қарасты Бадам ауылының тұрғындары. Туыстары денелерін жер қойнына тапсырған. Ал, полиция осы іске сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Айғақты зат ретінде темір кесетін құрал мен автокөлік тәркіленіп алынған. https://youtu.be/VcM63GHG3Qw