Қазақ балуандары Мажарстанда топ жарды

24 Маусым, 2018 1353 0

Мажарстанның Дьер қаласында грек-рим күресінен өткен сайыста жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды деп хабарлайды Будапешттегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom+ тілшісі.

Имре Пояк атындағы халықаралық сайыста отандық балуандар 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальға ие болды. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрым Дүйсеновтің сөзінше бұл Азия ойындарының алдындағы құраманың бабын тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Сондықтан, алдағы чемпионаттарда Қазақстандық жанкүйерлерді барынша қуантуға тырысамыз деді - Н.Дүйсенов. 

Айта кететін жайт, алтыннан жүлде алған жеңімпаздардың қатарында Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев бар. Қазақстандық балуандарға жанкүйерлік етуге Азия күрес кеңесінің президенті, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың өзі барып, Мажар елінде қолдау танытты. 

NewsRoom+ ақпарат  

Тегтер: мажарстан, қазақстан, будепешт, астана, грек-римкүресі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.