Қазақстандағы банктердің бірі мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатты
Қазақстандағы банктердің бірі мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатты

«Заң талаптарына сәйкес енді үш жұмыс күні ішінде банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындауы туралы хабарлама көпшілікке жария етіліп, оның ішінде банктің интернет-ресурсында да орналастырылады. Ал он жұмыс күні ішінде бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми басылымдары қазақ және орыс тілдерінде жариялауға тиіс», - деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.