Қырғызстан президенті оқшауланды
Қырғызстан президенті оқшауланды

«Садыр Нұрғожаұлы Ресейге сапарына дайындалып жатыр, ол жақында болады. Бүгінде ол коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында оқшауланды», - делінген хабарламада.Қырғызстан президент аппаратының мәліметінше, сапар нақты қай күні болатыны белгісіз. Ал дипломатиялық дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, Жапаров Ресейге 24-25 ақпанда баруы мүмкін.