Қазақстанда тұрмыстық техниканың бағасы қымбаттайды
Қазақстанда тұрмыстық техниканың бағасы қымбаттайды

«Осы квазисалықтың кереғарлығын дәлелдеу үшін импорттаушылар Alvin Market тәуелсіз аудиторларының көмегіне жүгінген. Олар нарықты талдап, көптеген құрылғылар деректерді көшірудің орнына интернеттегі немесе телеарналардағы мазмұндарды қарау үшін пайдаланылатынын анықтады. Респонденттердің 84%-ы авторлық мазмұнды мүлдем көшірмегенін айтты. Бейнежазбаны интернет арқылы қарау кезінде пайдаланушылар жарнамалар арқылы монетизацияланатын тегін мазмұнды таңдайды. Ал 59%-ы YouTube немесе Vimeo арқылы бейнематериалдарды көреді. Респонденттердің 66%-ы авторлық алым енгізуді әділетсіз шешім деп санайды. Одан тыс тағы 88%-ы отбасындағы әр құрылғыдан алым алынады дегенді дұрыс емес деп есептейді. Сондай-ақ, электроника қолданушыларының 83%-ы мүлдем тыңдамайтынын, оқымайтынын және қарамайтынын айтып, авторларға шегерім төлеуге мәжбүр болатындығын әділетсіз деп санайды. Бұдан басқа, авторлық алымды енгізу Қазақстанда электроника импортынның 2%-ға қысқаруына және Ұлттық бюджетке алымдар 2%-ға дейін азаюйына әкеледі», - делінген зерттеуде.Айта кету керек, авторлық құқық үшін деп төлем жинайтын «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» төрағасы Әсет Блиев «Заң бар, бірақ оны ірі кәсіпкерлер орындауға асықпай отыр» деп шағымданды. Одақтың жетекшісі әрбір сатылған электрондық тауардан алым алып, оны сыйақы ретінде авторға беру әлем елдерінде бір ізге түскенін айтады. Одақ басшысы Батыс Еуропа елдері оны бұрыннан қолданатынын жеткізді.