Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер қандай өтемақы ала алады

27 Маусым, 2019 433 0

NewsROOM+. Арыстағы жарылыстар салдарынан мүгедек болып қалған, сонымен қатар жалғыз асыраушысы мен жұмысынан айырылған тұрғындар жәрдемақы мен қаржылай өтемақы ала алады. Бұл туралы Nur Otan партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz 

Партия өкілдерінің сөзінше, Арыстағы төтенше жағдай құрбандарына бірнеше қаржы көзінен ақшалай төлемдер қарастырылған.

«Мемлекет басшысы үкіметке резервтік қордан қаржы бөлуді тапсырды. Олар қаланы қалпына келтіруге және тұрғындарға жұмсалады. Облыстық штабтың ұсынысы бойынша қосымша қаржы бөлінуі де мүмкін», - дейді Дүйсенова. 

Сонымен қатар республикалық қордан төтенше жағдайдан кейін мүгедек болып қалуы мүмкін тұрғындарға жәрдемақы, асыраушысы мен жұмысынан айырылғандарға төлемдер тағайындалады. 

Тамара Дүйсенованың айтуынша, жергілікті атқару органдары өз қалауына байланысты облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөле алады.

«Арнайы комиссия «Түркістан» қорындағы қаржыны тұрғындарға келген шығынына байланысты үлестіреді», - дейді ол.


Тегтер: Арыс, жарылыс, көмек, үкімет, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.