Алматы облысындағы жол апатынан 7 адам қайтыс болды (видео)
NewsRoom
Алматы облысындағы жол апатынан 7 адам қайтыс болды (видео)
Алматы–Өскемен автожолының 342 шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан көліктердегі 7 адам қаза тапты. Бұл туралы kris_p_kz instagram парақшасы хабарлады. Оқиға 14 ақпан күні болған. Nissan Qashai көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Nissan көлігіндегі бес адамның бәрі, екінші көліктегі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық полиция депарламенті қызметкерлері мен Ақсу ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.