Қазақстанда наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды
Қазақстанда наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды
Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:
- 14 наурыз - Көрісу күні
- 15 наурыз - Жайлау күні
- 16 наурыз - Шежіре күні
- 17 наурыз - Тарихқа тағзым күні
- 18 наурыз - Игі істер күні
- 19 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні
- 20 наурыз - Зияткерлік күні
- 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні
- 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
- 23 наурыз - Жоралғы күні
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (...) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген құжатта.