Алматы облысында жолаушылар қар көшкінің астында қалды
Алматы облысында жолаушылар қар көшкінің астында қалды

«Мердігер ұйым өз күштері мен қаражатына жеті қызметкерге көмек көрсетті. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды. ТЖД құтқарушылары оқиға болған жерге шақырылмады. Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД, «Қазселденқорғау» және ЖАО қызметкерлерінен төрт адам шықты», - делінген хабарламада.Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысының ТЖД өкілдері өңірдің таулы аудандарында көшкін болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Облыс аумағында көшкін қаупі әлі де бар. Осыған байланысты сақтық ережелерін сақтау және таулы жерлерге барудан және серуендеуден бас тарту қажет.