Қ.Тоқаевтың кеңесшісі Мақсат Сқақов қоғам белсенділерімен кездесті

26 Маусым, 2019 425 0

NewsROOM+. Бүгін Алматы қаласында ел Президенті Қ.Тоқаевтың кеңесшісі М.Сқақов бір топ қоғам белсенділерімен және бірнеше банк борышкерлерімен кездесті. Бұл туралы Мақсат Нұрлыбекұлының фейсбук парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі xабарлайды. 

Бүгін таңертең Алматыда қоғам белсенділері Инсенова Дильнар Алдиярқызы, Такеева Канағат Қажығалиқызы, Жақсылықова Сұлубике Әбдіраxманқызы және бірнеше банк борышкерлерімен кездестім - деп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған М.Сқақов қоғам белсенділері нақты бірнеше ұсыныс бергенін де айтып, - Президентке жеткізем. Көп балалы аналармен мүмкіндігі шектеулі жандардың тұтынушылық кредитін кешіру Президент тарапынан Халыққа жасалған қадам болды бүгін. Жақсы істер жалғасын табады деген сенімдемін - деді.

Айта кететін жайт, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған Мақсат Сқақов 18 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді. 

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында:
«Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовты өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым. Ол қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстармен айналысады», – деп жазған болатын.

Тегтер: Алматықаласы, Тоқаев, кеңесші, МақсатСқақов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.