Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
NewsRoom
Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылы 12 ақпанда Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) 22.00-ден бастап Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай жолдарында, 0-234-ші шақырым, Қостанай облысының шекарасындағы Қарабұтақ ауылының учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында 22.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысында Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай автожолында, 234-307-ші шақырымда, Ақтөбе облысының шекарасы учаскесі - Адаевка кентінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.