Биыл Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Биыл Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
2021 жылы елдегі халық саны 18 миллион 877 мың адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 245 мың адамға көп, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке сілтеме жасап. "2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 18 миллион 877 мың адам болды, оның ішінде қала халқы - 11 миллион 149 мың адам (59,1 пайыз), ауыл халқы - 7 миллион 727 мың адам (40,9 пайыз)", - делінген хабарламада.