Жаңалықтар

Назарбаев қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды

 width= Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын, – деді Назарбаев.